+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Зейнетақы аннуитеті шарты қандай артықшылықтар береді

2021 жылғы 24 ақпан 14:18
Бөлісіңіз:
Зейнетақы аннуитеті шарты қандай артықшылықтар береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысулар департаменті Сақтандыру нарығын дамыту басқармасының басшысы Сағи Әжібек зейнетақы аннуитеті шартының қандай артықшылықтар беретінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері жөніндегі заң аясындағы өзгерістерге сәйкес, БЖЗҚ салымшылары зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) ем ақысын төлеу немесе зейнетақы активтерін инвестициялық портфель басқарушысына сенімгерлік басқаруға беру үшін БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен өз зейнетақы жинақтарын ҚР заңнамасына сәйкес жұмсай алады. Зейнетақы аннуитеті өнімдерінің желісін кеңейту мақсатында биыл зейнетақы аннуитеті шартына бір адамның емес, ерлі-зайыптылардың (жақын туыстардың) қатысуына мүмкіндік беретін бірлескен аннуитеттер енгізу жоспарлануда», - деді Сағи Әжібек ОКҚ брифингінде.

Бірлескен аннуитет ерлі-зайыптылардың (жақын туыстардың) зейнетақы жинақтарын біріктіруге және аннуитет шарты бойынша кірістерді қайта бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы, бір адамда ӨСК (өмірді сақтандыру компаниясы) аннуитетті сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал оның жұбайында артығымен болса, бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы екеуіне де өмір бойы төлемдер қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге, С. Әжібек зейнетақы аннуитеті мен зейнетақы төлемдерінің негізгі айырмашылықтарын түсіндірді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтар зейнетақы жасына жеткенде зейнетақы төлемдерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алуға құқылы немесе зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда, өмірді сақтандыру компаниясынан зейнетақы аннуитетін сатып алу арқылы төлемдер ала алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдер зейнетақы жинақтары біткенше жүзеге асырылады, ал өмірді сақтандыру компаниясынан төлемдер алдын-ала нақты белгіленген мөлшермен өмір бойы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдер ер адамдар 55 жасқа, әйелдер – 52 жасқа толғанда төленеді», - дейді С. Әжібек.

Оның айтуынша, Өмірді сақтандыру компаниясы зейнетақы аннуитеті төлемдерін сақтанушыға өмір бойы ай сайын төлейді және жыл сайын төлемдерді 5% пайыздан кем емес көрсеткішке көтеріп отырады. Сонымен бірге, зейнетақы аннуитеті шартында кепілдендірілген төлем мерзімін орнатуға болады, бұл опция сақтанушы қайтыс болған жағдайда зейнетақы аннуитеті төлемдерін мұрагерлерге беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT