Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі зейнетақы түсімдерінен асып түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының инвестициялық кірісі зейнетақы түсімдерінен асып кетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарына бөлінген «таза» инвестициялық кіріс 917,10 млрд теңге болды. Ол мөлшері 848,3 млр дтеңге болған зейнетақы түсімдерінің көлемінен 8,1 пайызға асып түсті. БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық кірістің жалпы сомасы 977,2 млрд теңгені құрады», - делінген банк ақпараттында.

Инвестициялық кірістің негізгі көлемі қаржы құралдары бойынша сыйақы түріндегі кірістерге, сондай-ақ шетел валютасын қайта бағалаудан кірістерге тиесілі болды. Олардың үлесі - 56,8 және 40,3 пайыз.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы инфляция деңгейі 5,3 пайыз мөлшерінде болған кезде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 11,3 пайыз болған еді. Инфляцияны қоспағанда кірістілік 5,97 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар