Зейнетақы активтері: Инвестициялық кіріс былтырғы көрсеткіштен асып түсті

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі былтырғы көрсеткіштен асып түсті. 2023 жылғы қаңтарда есептелген зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 5,4 есеге артып, 66,4 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚР Ұлттық банкінің және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) құзыретіндегі портфельдің 12 айдағы инвестициялық кірістілігі төмендегідей болды: ҚР ҰБ - 6,93%, «Halyk Global Markets» АҚ - 6,89%, «Jusan Invest» АҚ - 6,44%, «BCC Invest» АҚ - 4,93%, «Сентрас Секьюритиз» АҚ - 4,67%.

«Зейнетақы активтерінің аз уақыт аралығындағы кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері біраз уақытқа арналған инвестициялық іс-қимылдармен сипатталады. Оларды инвестициялаудың негізгі мақсаты – ұзақ мерзімге арналған кезеңде нақты кіріс алу», - делінген БЖЗҚ мәліметінде.

Осы орайда біраз уақыт бойы жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан едәуір асып түсетіні айтылып отыр.

Әрбір салымшы enpf.kz сайтындағы «жеке кабинетінде» немесе ұялы қосымшада өзінің инвестициялық табысын көре алады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруы туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.


Соңғы жаңалықтар