+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Зейнет жасын төмендету және әр балаға жәрдемақы төлеу туралы хабарлама - жалған

2019 жылғы 30 қараша 15:01
Бөлісіңіз:
Зейнет жасын төмендету және әр балаға жәрдемақы төлеу туралы хабарлама - жалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әртүрлі хабар таратушы мессенджерде 2020 жылғы қаңтардан бастап әр балаға әлеуметтік жәрдемақы төлеу және Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнетке шығу жасын төмендету туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда жалған хабар берген «телефон террорисі» сотталды Әр балаға - 11 мың теңге: Желіде тараған қауесетке қатысты министрлік түсінік берді Шымкентте Әділет департаменті қызметкерлері борышкерлердің шетелге заңсыз шығуына жол берген

Бұған дейін хабарланғандай, қазіргі уақытта Парламентте 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуді көздейтін Заң жобасы қаралуда. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

«Жаңа жәрдемақыны тағайындау 2020 жылы өтініш берілген күннен бастап жүргізілетін болады. Құжаттарды қабылдау процесі ешқандай мерзімдермен шектелмеген, яғни көпбалалы отбасының жәрдемақыға құқығы 2020 жылдың ортасында пайда болса, ол балалардың бар екенін және бірге тұру фактісін растайтын құжаттармен және тиісті өтінішпен ХҚКО-ға жүгінеді. Егер бұл деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталса, көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта көпбалалы отбасы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылатын отбасыларға, тиісінше ол 2018 жылға дейін тағайындалған отбасылар, өтініш беруші мен оның бірге тұратын балалары ақпараттық жүйелерде расталған жағдайда, жаңа жәрдемақыға көшу автоматты түрде ХҚКО-ға өтініш жасамай жүзеге асырылады. Осы санаттағы отбасының бесінші және одан да көп балалары туған кезде жәрдемақы мөлшерін өзгерту құқығы сақталады.

«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың басқа түрін тағайындау жоспарланып отырған жоқ» деп мәлім етті министрлік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT