Зерттеу: Табиғат аясында өткізген екі сағат денсаулыққа пайдалы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғалымдар табиғат аясында уақыт өткізудің психикалық және физикалық пайдасы бар екенін дәлелдейтін тағы бір зерттеу жүргізді.

Мамандардың айтуынша, аптасына бір рет екі сағат табиғат аясында уақыт өткізу денсаулыққа пайдалы, деп жазады The Guardian басылымы.

«Саябақта, орманда немесе жағажайда уақыт өткізудің денсаулыққа пайдалы екені бұрыннан белгілі. Дегенмен, ғалымдар жүргізген жаңа зерттеу алғаш рет табиғат аясында қанша уақыт өткізудің пайдалы екенін анықтады», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, табиғатта өткізген екі сағат бес күн қатарынан жеміс-жидек жеумен немесе аптасына 150 минут физикалық жаттығу жасаумен пара-пар.

«Зерттеуге Анлиядан 20 мың адам қатысты. Зерттеуді Эксетер университеті Медицина мектебінің мамандары жүргізді», деп жазады автор.

Оның айтуынша, екі сағат табиғат аясында уақыт өткізу жастар үшін де, қарттар үшін де бірдей пайдалы болып шыққан.

«Ғалымдардың айтуынша, табиғат аясында уақыт өткізу барлық адам үшін пайдалы. Сондай ақ екі сағат уақыт бір күнде өткізуге немесе оны бірнеше бөліктерге бөліп табиғат аясында өткізуге болады. Сонымен қатар ғалымдар табиғаттың денсаулыққа нақты қалай әсер ететінін анықтамады», деп жазады басылым.

Соңғы жаңалықтар