Зерттеу: Бойы аласа ер адамдар мен толық әйелдердің табысы аз болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бойы аласа ер адамдар мен толықша келген әйелдер өздерін төмен бағалап қана қоймайтыны анықталды. Зерттеу көрсеткендей, бұл адамдардың табыс деңгейі де төмендетілген. Және жалпы алғанда өмірде табысқа жету мүмкіндіктері аздау. Эксетер университетінің ғалымдары 40 пен 70 жас аралығындағы 120 000 адамның мәліметтерін талдап шықты, деп баяндайды The Hindustan Times.

Зерттеушілер адамның бойымен байланысты 400 генетикалық нұсқа мен Дене Массасының Индексіне (ДМИ) қатысты 70 нұсқаны зерттеп шықты. Одан кейін олар мәліметтерді қатысушылардың өздері жайында хабарлаған ақпаратпен сәйкестендірді.

Мамандар өз әріптестерінен 7,5 сантиметр төменірек болған ер адамдар генетика себебімен жылына шамамен 2130 доллар аз табыс тапқанын анықтаған. Тура сондай жағдай гендерінің салдарынан тура сондай бойы бар әріптестерінен салмағы 6,3 келі көп болған әйелдерге де қатысты болды. Олардың жылдық табысы 2130 доллардай төмен болды.

Соңғы жаңалықтар