ЗЕРТТЕУ: Алма холестерин көрсеткіштерін айтарлықтай төмендетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Статиндер - холестерин деңгейін төмендететін қуатты зат. Алайда олардың кері әсері де бар. Жанама әсерлері, мысалы, аторватин кезінде тамақ ауырып, жүрек айниды, буын және бұлшықет ауырады, қандағы қант деңгейі артады.

The Telegraph басылымының жазуына қарағанда, кей жағдайларда статиндерді алма жеп алмастыруға болады. Егер адам күніне бір алма жеп отырса, жүрек талмалары мен инсульттардың алдын алуға болады, дейді Ливерпуль университетінің сарапшылары.

Ғалымдардың мәліметтерінше, жүрек-қантамыр кемістіктерінің даму қаупі аз топтағы адамдар үшін алманы күнделікті жеу статиндерді қабылдаудан миокард инфарктының қаупін төмендетумен тең болады.

Аталған әдістің болашағының зор екенін жүрек-қантамыр аурулары оқиғаларының 80 пайыздан астамы сыртқы факторларға байланысты болатынымен түсіндіріледі. Атап айтқанда, әңгіме ас мәзіріндегі зиянды тамақ, темекі шегу, алкоголь және дене белсенділігінің болмауы туралы болып отыр.

Соңғы жаңалықтар