Зертхана қызметкерлеріне үстемеақы төлеу ережесін өзгерту қажет - Елжан Біртанов
2020 жылғы 16 мамыр 18:21

Зертхана қызметкерлеріне үстемеақы төлеу ережесін өзгерту қажет - Елжан Біртанов

НУР-СУЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов зертхана қызметкерлеріне үстемеақы төлеу ережесін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кей адамдар демалып жатқанда, медициналық қызметкерлер еңбек етуде. Бүгін Ұлттық сараптама орталығының аймақтық вирусологиялық зертханасына бардым. Мұнда тәулік бойы жұмыс істеп, коронавирус инфекциясына сынама алатын тәжірибелі вирусологтар мен зертхана мамандары жұмыс істейді. Күн сайын қала емханаларынан, жедел жәрдемнен және әскери бөлімшелерден алынған ПТР тест сынамалары осында жеткізіледі», - деп жазды министр Facebook желісінде.

Министр COVID-19 эпидемиясы басталғанда мамандардың тәулігіне 600 тест жасағанын, ал қазір - 2 мыңнан астам тест жасайтынын атап өтті. Барлық деректер зертханалық ақпараттық жүйеге енгізіледі. Эпидемияны басқаруды автоматтандыру үшін бұл жүйені ауруханалар мен емханалардың ақпараттық жүйелерімен біріктіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Ұжыммен кездесіп, үстемеақы төлеу мәселесін талқыладық. Зертхана қызметкерлеріне еңбекақы төлеу ережелерін өзгерту қажет деп ұйғардық. Себебі, олар да ықтимал науқастармен және биосынамаларымен етене жұмыс істейді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен ерен еңбектеріңіз үшін рахмет!» - деді Е. Біртанов.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT