Зергерлідегі тойда уланғандардың саны 89-ға жетті

None
None
БАКУ.Trend-ҚазАқпарат – Габала ауданына қарасты Зергерлі ауылында өткен үйлену тойында уланып, орталық аудандық ауруханаға келуге мәжбүр болған адамдардың саны 89-ға жетті. Олардың ішінде 19 әйел адам мен 8 бала бар, қалғаны – ер адамдар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Габала орталық аудандық ауруханасына келгендерге тиісті көмек көрсетілді. Қазіргі таңда ауруханада 2004 жылы туған Аскеров Байрам Билал оглу емін жалғастырып жатыр.


Соңғы жаңалықтар