Зерендідегі Үлгілі сарқырамасына тағы да адам құлап кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Үлгілі сарқырмасына 45 жастағы ер адамға құлап мертікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай мамырдың 03-де күндізгі сағат 15:00-да болған. Суға құлаған 45 жастағы ер адам түрлі дене жарақатын алып, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам қабырғаларын, иығын сындырған, басын жарақаттаған.

«Сарқырама аумағына ескерту белгісі орнатылған, сондай-ақ, ескерту лентасы тартылған, тәртіп сақшылары кезекшілік етеді, орманшылар дыбысты күшейткішпен жүріп қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. Соған қарамастан, адамдар қауіпсіздік шараларын елемейді», - дейді аудан әкімдігіндегілер.

Айта кетейік, жақында осы сарқырамаға тағы бір ер адам 6 жасар қызымен құлап кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар