Зерендіде провизорлық бөлімшеден коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Зеренді ауданындағы провизорлық бөлімшеден соңғы науқас жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, коронавирус инфекциясымен ауырған адам санының күрт өсуіне байланысты Зеренді және Чаглинка ауылдарында 180 орындық провизорлық стационар ашылған.

Онда биыл 22 маусым мен 21 тамыз аралығында әр аудан мен қалалардан жеткізілген 523 сырқат емделген.

«Екі ай бойы біздің медицина қызметкерлері науқастардың өмірі үшін тынымсыз күресіп, 493 науқасты емдеп шығарды. Өкінішке қарай, пандемиядан қайтыс болғандар да бар. Бүгін Зеренді ауылының провизорлық стационарынан соңғы науқас Майра Қабылқай емделіп шықты. Бұған дәрігерлердің қосқан үлесі зор», - дейді Зеренді ауданы әкімдігіндегілер.

Майра Қабылқай ауруханаға тамыздың 14-де түскен. Содан бері оған дәрігерлер тарапынан бүкіл медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі кезде оның денсаулығы жақсы.



Соңғы жаңалықтар