Зерендіде байкерлердің «Road Freedom Fest» фестивалі өтеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында маусымның 29-30 күндері жылдағы дәстүр бойынша байкерлердің «Road Freedom Fest» фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының мәліметінше, бұл жолы да байкерлер Зеренді ауданының Елікті тау шаңғысы базасында бос қоспақшы. Байкерлер қозғалысы - бұл ең әуелі тұтастай еркіндік сезімі. Музыка мен мотоцикл мерекесін ұйымдастыруға облыстық туризм басқармасы, сондай-ақ, Елікті тау шаңғы базасының әкімшілігі мен «Роад Бразерс» байкерлер клубы ұйытқы болып отыр.
Мотоклубтың алға қойған мақсаты - туристерді барынша көптеп тарту арқылы өңірдің туристік әлеуетін арттыру. Елікті саябағында өтетін фестивальге қатысушылар екі күн бойы мәдени шараларды тамашалайды, алғашқы күні әуесқойлар арасында күш экстримінен Солтүстік Қазақстан кубогі сарапқа салынады. Бұдан бөлек, Нұр-Астана, Көкшетау, Қарағанды және Атбасар қалаларынан келген «Джарайд», «Перифирия», «Времена года», Бенд «Рубикон» тәрізді вокалды-аспапты ансамбльдер мен «Ангелы Тьмы» және Та «Бенд» рок топтарының концерті ұйымдастырылады.
Ал келесі күні Мотокростан ҚР Чемпионатының бесінші кезеңін және мотоспортшылар арасында ашық кубогін өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, қонақтар үшін шатыр лагері тігіліп, «Elikti Park» демалу базасында жайлы номерлер ұсынылады. Тамақтану орындары мен естелік сыйлықтар, мото және рок атрибуттарын саудалайтын сөрелер жұмыс істейді. Жалпы, фестивальге қатысушыларға «Elikti Park» демалу базасында жайлы демалуы үшін барлық жағдай жасалатын болады.
«Road Freedom Fest» - мотоциклшілердің ғана мерекесі емес. Бұл - мото мәдениетпен жақын танысып, танымал рок орындаушылардың әндерін тыңдай отырып, табиғат аясында демалу, қызықты адамдармен танысу. Сондықтан, баршаңызды аталмыш мерекеге шақырамыз», - дейді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев.
- Нұр-Сұлтан әуежайындағы атыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
- Сәкен, Ілияс, Бейімбет: Алматыда қазақтың үш бәйтерегі туралы көрме өтеді
- Павлодарда лазерлік жаяу жүргінші жолақтары пайда болады
- Шымкентте екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды
-
Павлодар облысында кондитерлік өнімдер таситын жүк көлігі аударылып қалды
-
Алматыда айыппұлы төленбеген көліктер айып тұрағына қойылып жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам