Зеренді көлінде 4 адам судан құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы Зеренді көлінде 4 адам судан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 6 маусымда сағат 18:00-дер шамасында Зеренді көлінің «Жасыл мүйіс» түбегінде қайықтағы 4 жігіттің жағаға жете алмай толқынмен арпалысып жатқандығы туралы хабар түседі.
«Жастардың айтуынша, қайықпен жүзу кезінде бір ескек сынып қалған. Жалғыз ескекпен қатты толқынға қарсы қайық есу қиындап, жастар жағаға өз күштерімен жете алмай әлек болады. Ұялы байланыстың болмауы салдарынан құтқарушыларға да телефон шала алмайды. Бір сағатқа жуық уақыт толқынмен арпалысқан арпаласқан оларды құтқарушылар байқап жағаға алып шығады. Құтқарылған жастар Зеренді ауданының 1994, 1996, 2000 және 2002 жылғы тұрғындары. Жағаға шығарылған жастарға құтқарушылар суға түскен кезде міндетті түрде арнайы құтқару кеудешесінің болуы қажеттігін айтып түсіндірді», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Соңғы жаңалықтар