Зеренді ауданының әкімдігі әкімнің ұсталғаны туралы ақпаратты растаған жоқ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Зеренді ауданының әкімдігі аудан әкімі Берікжан Әбутәліповтің ұсталғаны туралы ақпаратты растамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зеренді ауданы әкімі мен ТКШ бөлімі басшысының ұсталғаны туралы ақпарат жұртты дүр сілкіндірді. Әкімдік аудан басшысының ұсталғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде және ақпарат агенттіктерінің сайттарында жергілікті кәсіпкерден пара алу кезінде ТКШ бөлімі басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тарады, сондай-ақ Зеренді ауданының әкімі ұсталғаны айтылды. Осы ақпарат шындыққа жанаспайды, аудан басшысы Берікжан Әбутәліпов жұмыс орнында», - делінген аудан әкімдіктің Instagram парақшасында.

Ведомствоның мәлімдеуінше, ТКШ бөлімі басшысына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Құзырлы мекемелер ресми ақпарат бермейінше, жалған ақпарат жариялаудан сақтануларыңызды сұраймыз», - деп мәлімдеді әкімдік БАҚ өкілдеріне.


Автор:Оксана Матасова



Соңғы жаңалықтар