Зеренді ауданындағы «Milk Project» сүт зауыты Ресей нарығын жаулауда (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Зеренді ауданының Садовое ауылындағы «Milk Project» ЖШС-нің сүт зауыты өнімдері еліміздің бірнеше облысымен қатар Ресей нарығына да шығуда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне серіктестік директоры Валерий Маначинский мәлім етті.

Оның айтуынша, осыдан тура 6 жыл бұрын іске қосылған зауыт озық технологияға негізделе отырып, сүт өнімін өңдеудегі кәсіпорындардың алғашқы қарлығашы болып отыр. «Бастапқыда зауытта аусымдық қуаттылығы жарты литрлік қаптамалы 20 тонна сүт өндірілген болатын. Сол кезде серпінді жобаны іске қосу үшін серіктестік 250 миллион теңге қаржы жұмсаған еді», - дейді серіктестік директоры. Бүгіндері кәсіпорны аяғынан нық тұрып, Астана, Қарағанды, Степногор, Павлодар, Қостанай, Өскемен, Ақтау, Жезқазған, Жаңаөзен және Алматы қалаларына өз өнімдерін тұрақты жеткізіп келеді. Оған қоса, соңғы бірер жылдың ішінде көршілес Ресей нарығына шығып, экологиялық жағынан теңдесіз сүт өнімдерінің 40 пайызы экспортталуда. Бұл өз кезегінде өнімнің сапасы мен бәсекелестікке қабілеттілігін арттырып отыр. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қолдауымен зауыттың қуаттылығы айтарлықтай арттырдық. Осы күні біздің зауытта жылына 20 миллион литрге жуық сүт өңделеді. Сүт заманауи технологиялар бойынша қорытылып дайындалады. Кәсіпорын инновациялық қондырғылармен жабдықталған. Ғылыми инновациялық тәсілдермен өңделген сүт және сүт өнімдері құрамындағы минералдар мен микроэлементтерді сақтап қалатын қорапқа салынып барып саудаға шығарылады», - дейді В.Маначинский.

Соңғы жаңалықтар