Зеренді ауданында жылу мен су беру тарифтері төмендетілді

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша былтырға бекітілген тарифтік сметаларды орындалуына талдау жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талдау барысында, ШЖҚ «Зеренді-Сервис» МКК-ы реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша тарифтік сметаларда көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағаны анықталды, бұл негізсіз табыстың алынуына әкелді.

Осыған байланысты, департамент тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында, уақытша өтемдік тарифтерді енгізу арқылы табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдады.

«Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша орындалмаған сома 112 318 820 теңгені құрады. Орташа тариф 6 623,26 теңгеден (ҚҚС-сыз) 1 434,82 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) 5 188,44 теңгеге немесе 78,34 % төмендетілді», - деп жазды комитеттен.

Гранитный кентінде жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша орындалмаған сома 14 512 630 теңгені құрады. Орташа тарифі 5 596,83 теңгеден (ҚҚС-сыз) 1 112,68 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) 4 484,15 теңгеге немесе 80,12 % төмендетілген.

Тарату желілерімен су беру бойынша орындалмаған сома - 30 308 330 теңге. Орташа тарифі 195,10 теңгеден/м3 (ҚҚС-сыз) 23,90 теңгеге/м3 (ҚҚС-сыз) 171,20 теңгеге немесе 87,75% - ға төмендетілді.

Уақытша өтемдік тарифтердің қолданылу уақыты 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 30 қарашаға дейін.


Соңғы жаңалықтар