Зеренді ауданында ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті бөлшектер сататын дүкен ашылды - Ақмола облысы (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Зеренді ауданында ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті бөлшектер сататын дүкен ашылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Нысанның ашылуы салтанатына аудан әкімінің орынбасары Айдос Хамиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға зор көңіл бөліп келеді. Бұл экономика дамуының маңызды саласы болып табылады. Аграрлы аудан болғандықтан ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті бөлшектер сататын дүкеннің ашылуы диқандар үшін қолайлы болмақ», - деді А.Хамиев.
Дүкен сөрелерінен ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті бөлшектердің түр-түрін кездестіруге болады. Бағасы да қала базарларындағыдан қымбат емес. Сондықтан, аудан диқандары үшін тиімді болмақ.
null null null

Соңғы жаңалықтар