Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Зеренді ауданына жаңа әкім келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақмола облысының əкімі Мәлік Мырзалин ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының қолдауы негізінде Зеренді ауданының әкімі қызметіне Берікжан Әбутәліповті тағайындады.

Берікжан Нұртайұлы 1962 жылы бұрынғы Көкшетау облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасы агроөнеркәсіп кешенінің қаржыландыру бөлімінде бас маман ретінде бастаған.

1994-1997 жылдары Көкшетау ауданының қаржы бөлімі, 1997-2009 жылдары Зеренді аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде басшылық қызметтер атқарды.

2009-2011 жылдары Зеренді ауданының «Ақ-қайың» РМК» АҚ директоры болды.

Жаңа қызметке тағайындалған дейін Целиноград ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай 2019 жылдың қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ақмола облысы Зеренді ауданының бұрынғы әкімі Мереке Мұстафинді ұстаған еді. Кейін Мереке Мұстафин сот санкциясымен 2 ай қамауға алынған болатын.

Соңғы жаңалықтар