«Зерде» холдингі компанияның таратылуына байланысты мәлімдеме жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Зерде» холдингінің ресми сайтында компанияның таратылуына байланысты мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ (БСН: 080940016280) өзінің таратылатыны туралы хабарлайды.

Шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/15 мекенжайы бойынша, 8 (7172) 57-07-78, 57-09-08, 57-08-20 телефон номеріне қабылданады», - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Зерде» холдингін реформалауды тапсырған еді.

Ал Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге ескерту жасап, артынша ведомство басшысы «Зерде» холдингін тарату туралы шешім қабылданғанын жария етті.

Министрлік мәліметін сүйенсек, «Зерде» холдингі 5 жылда 7 млрд теңге шығынға батқан.

8 тамызда Үкімет «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шығарды.


Соңғы жаңалықтар