«Зенченко и К» еңбек ұжымы сайлауды қолдайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - «Зенченко и К» КС еңбек ұжымы сайлауға бірі қалмай қатысады. Бүгін СҚО Қызылжар ауданы Новоникольское елді мекенінде шаруашылық жұмысшыларының және ауыл тұрғындарының кездесуі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылжар ауданы Новоникольское елді мекенінде орналасқан «Зенченко и К» командиттік серіктестігі республикадағы үлгілі шаруашылықтардың бірі. Мұндағы барлық әлеуметтік нысан осы серіктестіктің қаражатына жөнделіп, салынды. Новоникольское ауылы 28 жылдың ішінде танымастай өзгерді. Мұнда тұрғындардың жайлы өмір сүруіне бар жағдай жасалған.

«Маусымның 9-ы кезектен тыс өтетін Президент сайлауы - еліміз үшін тарихи маңызды қадам. Біздің таңдауымыз - ертеңгі біздің болашағымыз. Біздің қазіргі жеткен жетістігіміз - Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың және Елбасына сенім білдірген қазақстандықтардың арқасы. Енді Көшбасшы көрсеткен сара жолмен жүретін, стратегиялық жоспарларды әрі қарай жүзеге асыратын, елімізді биік белестерге жеткізіп, қазақ халқын өз артынан жетелейтін жаңа Президентті сайлау - бізге зор міндет», - деді жиынға келген ауыл еңбеккерлері.

Орталық алаңда бас қосқан дәрігерлер, ұстаздар, инженерлер мен қарапайым еңбек адамдары, зейнеткерлер - өз таңдауын жасауға әзір.

«Ел азаматы ретінде 9-маусым күні сайлау учакесіне барып, өз таңдауымды жасау - менің парызым деп білемін. Жаңа Президентті сайлау еліміздің жаңа деңгейде дамуына серпіліс береді деп есептеймін. Ең алдымен бұл халықаралық және ұлтаралық тұрақтылықты сақтауға және Қазақстанның болашағын құруға көмектеседі деген ойдамын», - деген ойын жеткізді «Ажар» балабақшасының меңгерушісі Оксана Швыдко.

Соңғы жаңалықтар