Зеленов ауданында дәрігерлік амбулатория ашылды - БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Зеленый ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды.

Бұл мақсатқа бюджеттен 100 млн. астам теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «Бекқалиев» жеке кәсіпкерлігі (директоры Сәбит Бекқалиев) қысқа мерзімде, сапалы атқарып шықты.

Амбулаторияның ашылу рәсімінде аудан әкімі Кәрім Жақыпов: «Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында 2015 жылға қарай елімізде 350-ден астам отбасылық-дәрігерлік амбулатория, емханалар мен фельдшерлік-акушерлік пункттер салу қажеттігін атап көрсеткен болатын. Осы тапсырма біздің өңірде де орындалуда. Бұл - Зеленов ауданының төрт ауылдық округінде пайдалануға берілетін амбулаторияның алғашқысы», деді.

Керекті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа амбулаторияда ем-шара, стоматология, ана мен бала бөлмесі де бар.

Соңғы жаңалықтар