+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Кәкімжан Бишманов: Зайырлылық - Қазақстанның маңызды тарихи жетістігі

2019 жылғы 19 қыркүйек 22:31
Бөлісіңіз:
Кәкімжан Бишманов: Зайырлылық - Қазақстанның маңызды тарихи жетістігі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекеттің зайырлы құрылысы Қазақстанның маңызды тарихи жетістігі. Бұл туралы ойымен 18 қыркүйекте Қазақ Спорт және туризм академиясында студенттермен кездесу барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, дінтанушы Кәкімжан Бишманов бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақ қоғамының рухани өміріндегі діннің орны Дін - тәрбиенің рухани тірегі Дін мен дәстүр - егіз ұғым

Дәрісті 60 жуық студент тыңдады.

«Қазақстандағы экстремизм және терроризм мәселелерін зерттеу орталығы» Қоғамдық қоры мен қалалық Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған жиынды Академияның бірінші проректоры Мұхтар Есқалиев жүргізді.

«Мемлекеттің зайырлылық сипаты туралы Констиуциялық норма ҚР мемлекеттік конфесияаралық қатынастардың негізгі сипаттамасы болып табылады. Елімізде мемлекет пен дін арасында ерекше қатынас орнатылған. Бір де бір дін мемлекеттік немесе міндетті болмайды. Мемлекеттік саясат қандай да бір діни ілімнің нұқсауымен құрылмайды. Ол тұтас алғанда азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің тыныс тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты мүдделерінен туындайды», - деді Кәкімжан Бишманов.

Профессордың айтуынша, бұл дәрісті жүргізудегі мақсат Қазақстанның зайырлы мемлекет екендігі түсіндіру.

«Зайырлы мемлекетте ар-ұждан, діни наным сенім бостандығы, діни бірлестіктердің қызметінің бостандығы кепіл етілген. Бұл Қазақстанның дамуының маңызды шарты», - деді ол.

Айта кету керек, мұндай түсіндіру жұмыстары қазір Алматы қаласының көп орындарында өтіп жатыр.

Лектор Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясаты туралы айтып берді.

«Бұл тұжырымдама Қазақстандағы қазіргі діни ахуалды сипаттап, болашақтағы болмысын анықтайды. Бұл құжатқа сәйкес діни саладағы түйткілді мәселелер айқындалған. Сонымен қатар, мемлекеттің зайырлылығының болашақтағы бағыты мен дінді жат мақсатта пайдаланудың алдын алу бойынша барлық сұрақтар қамтылған», - деді профессор.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарға нақты жауап алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT