Зайсандағы Кондюрин шекара заставасына Қасым Қайсеновтың есімі берілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Кондюрин шекара заставасына Қасым Қайсеновтың есімін беру үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметі Республикалық ономастика комиссиясына тиісті құжаттарды ұсыну жұмыстарын жүргізетін болады. Бұл туралы мәжілісмендердің жолдаған сауалына Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың жауабында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, бұдан бұрын Бақытбек Смағұл, Бейбіт Мамраев бастаған Мәжілістің бір топ депутаты Зайсандағы шекара заставасын «Қасым Қайсенов атындағы шекара заставасы» деп атау мүмкiндiгiн қарастыруды ұсынған болатын. Депутаттардың айтуынша, бұл бастама елдiң шетінде, желдің өтiнде жүрiп, Тәуелсiздiгiмiздiң тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, қырағылық танытып жүрген сарбаздардың рухына рух қосары сөзсіз.

Бақытжан Сағынтаев Зайсан шекара отрядының В.В. Кондюрин атындағы шекара заставасын Қ.Қ. Қайсеновтің құрметіне қайта атау туралы депутаттық сауалды қарағанын мәлім етті.

«Аталған ұсынысқа мүдделі мемлекеттік органдардың барлығы қолдау білдірді (ҰҚК, МСМ, ҰЭМ, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, ШҚО әкімдігі). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларына сәйкес, ҰҚК Шекара қызметі Республикалық ономастика комиссиясына жолдау үшін тиісті құжаттардың жиынтығын әзірлеу бойынша қажетті жұмыстарды жүргізетін болады. Нәтижесі туралы ҰҚК Шекара қызметі сіздерге қосымша хабарлайды», - деп жауап берді Бақытжан Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар