Зайсанда кәріз жөндеушілер газға тұншығып, біреуі көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында кәріз құдығын жөндеп жүрген 3 адам газға тұншығып, біреуі оқиға орнында ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, келеңсіз жағдай 12 маусым күні сағат 15.45-те болған. «Зайсан» коммуналдық көпсалалы мемлекеттік кәсіпорнының 3 қызметкері Спамбетов көшесінің бойындағы тұрғын үйдің кәріз құдығын жөндеп жатқанда метан газы бөлінген. 2 метр тереңдікте жүрген қызметкерлердің бірден сыртқа шығуы қиын болған. Салдарынан 1974 жылы туған бір қызметкер сол жерде тіл тартпай кеткен.

«Марқұмның қасында болған 1981 жылғы көлік жүргізуші қазір ауруханада жатыр. Ал 32 жастағы дәнекерлеуші алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Қайғылы оқиғаға 3 қызметкердің де газтұмылдырық тақпауы себеп болған. Төтенше жағдай мамандары метан газының ауадағы үлесі 30 пайыздан асып, оттегі үлесі 20 пайыздан кеміген жағдайда адам өміріне қауіп төнетінін ескертеді. Зайсандағы жағдайда еңбек қауіпсіздігінің ережесі бұзылған», - делінген ресми ақпаратта.

null null null null

Соңғы жаңалықтар