Зайсанда балықшы суға батып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 ер адам Ертіс өзеніне балық аулауға барған.

«1973 жылғы азамат жалғыз өзі резеңке қайықпен жағадан алыс жерге жүзіп кеткен. Кенет қайық аударылып түскенде ол ауылдастарын көмекке шақырып айқайлаған. Алайда балықшылар оны құтқарып үлгермеді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар тұрғындарға балық аулауға барғанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар