Зайсан көлінде жоғалған екінші балықшының денесі табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 1978 жылы туған адамның денесі Зайсан көлінен табылды. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Анастасия Скляр Facebook-те жазды.

«Тарбағатай ауданында құтқарушылар Зайсан көлінен 1978 жылы туған адамның өлі денесін тапты. Марқұмның денесі Күршім ауданына қарасты Жолнұсқау ауылынан 15 шақырым жерден шыққан. Екі күн бұрын 26 жастағы екінші балықшының денесін ауыл тұрғындары балықшылардың қайығы қалған жердің маңынан тапқан болатын», - деп жазды департамент өкілі.

Еске салсақ, Зайсан көлінде екі балықшы жоғалып кеткен болатын.

41 және 26 жастағы балықшылар 6 қыркүйек күні кеткеннен үйлеріне оралмаған. Олар мінген қайық Зайсан көлінен табылған.


Соңғы жаңалықтар