Зәуреш Аманжолова «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Зәуреш Аманжолова «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай шешім партия филиалының саяси кеңес бюросының отырысында қабылданып, бірауыздан мақұлданды.

Зәуреш Аманжолова қалалық партияның басшылығына келген алғашқы әйел.

Оның орнында қызмет атқарып келген Кенжехан Матыжанов қалалық дін істері басқармасына басшылыққа кетті.

Қала басшысы әрі партия филиалының төрағасы Бауыржан Байбек Зәуреш Аманжолованы жаңа қызметімен құттықтап, партия жұмысындағы әйелдер рөлінің аса маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, «Нұр Отан» қатарында әйелдердің үлесі 60%-дан асады. Ал Алматы қалалық филиалының өзінде 44 мың әйел қызмет етіп жүр.

Айта кету керек, бүгін «Нұр Отан» АҚФ Алмалы аудандық бөлімшесінің офисі ашылды. Ашылу салтанатында қалалық филиал төрағасы Бауыржан Байбек бастауыш партия ұйымы мүшелерімен жүздесті.

«Біз аудандық бөлімшелерді қала тұрғындарына барынша жақын болу үшін ашып жатырмыз. Қариялар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар осы жерге кедергісіз келе алуы үшін. Мұнда оларға барлық жағдай жасалған. Қоғамдық қабылдау бөлімдерінің жұмысын нығайтып, ХҚКО принципі бойынша қызмет көрсетуге лайықтау керек. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отанның» мемлекет алдындағы бірқатар міндеттерді жүзеге асыруда атқарып отырған рөлін бұған дейін де бірнеше рет баса айтқан болатын», - деді Б.Байбек.

Соңғы жаңалықтар