05.11.2019 12:47 Өскеменде 92 мың теңгеге түскі ас ішкен жігіт қашып кетті ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендегі мейрамханалардың бірінде 92 мың теңгенің түскі асын ішкен жігіт ақшасын төлемей қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.11.2019 12:07 Елордада басқа адамның жеңілдігі бар көлік картасын пайдаланатындар көбейіп кетті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері басқа біреудің жеңілдігі бар көлік картасына өз суретін жабыстырып алып пайдаланған бірнеше адамды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Astana LRT компаниясына сілтеме жасап.
05.11.2019 10:08 Желтоқсан айында неше күн демалыс НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат – Желтоқсан айында қазақстандықтарда 19 жұмыс, 12 демалыс күні болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.11.2019 18:01 Нұр-Сұлтанға газ тартылған соң жылу бағасы қымбаттайды - Ермек Қизатов НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат - Газ тартылғаннан кейін елордада жылу тарифі қымбаттайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Ермек Қизатов айтты.
04.11.2019 17:40 Елордада газ тарату желілерінің құрылысы басталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тұңғыш Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында газ тарату желілерінің құрылысын бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Ермек Қизатов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.11.2019 14:08 Тіркелмеген SIM картаны таратқан ірі сауда желілеріне айыппұл салынды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті абонентке тіркелмеген SIM карта таратқан ұялы операторлардың кейбір дилерлерін тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.11.2019 12:51 Семейдегі Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні алынып тасталды СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде көптеген ағаш мүсіндер бар. Солардың ішінде Жеңіс саябағында тұрған Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні қоғам наразылығын тудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.11.2019 12:46 Еден дірілдеп, балкон «қисайып» кетті – елордадағы көпқабатты үй тұрғындары дабыл қағуда НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат – Астанадағы көпқабатты үйдің тұрғындары дабыл қағуда – пәтерлердің біріндегі балкон орнынан «жылжып», еден дірілдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.11.2019 10:37 «Сергек» жол белгісін елемейтін жүк көліктеріне автоматты түрде айыппұл салады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада үшінші жолаққа шығып алатын жүк көліктерінің жүргізушілеріне әкімшілік айыппұл салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
03.11.2019 18:20 Дәрігер: Батыс медицинасы – аурудың белгілерін, халық емі себептерін емдейді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дәстүрлі терапия деген не? Батыс медицинасы мен халық емінің айырмашылығы неде? Халық емінің қандай артықшылықтары бар? ҚР Денсаулық сақтау министрлігі не себепті халық емін қарқынды дамытуды қолға алмақ? Халық емі төңірегіндегі осы және басқа да өзекті мәселелер бойынша ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының дәстүрлі терапия дәрігері (рефлексотерапевт) Айнұр Құрметбек ҚазАқпарат тілшісіне жауап берді.
02.11.2019 10:08 Израильдік ғалым: Анам қазақ халқының қамқорлығымен аман қалған НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Израильдік ғалым Йорам Харпаздың нағашы атасы мыңдаған еврейлермен бірге концлагерде қаза тапқан. Нағашы әжесі екі қызының жанын ауыртпайын деп, олардың көзіне көрінбейтін жерге барып көз жұмған. Оның нағашы ағасы Сібірдегі ГУЛАГ-та үсіп өліп, 3 ай бойы жерленбей жатқан. Ал анасына қазақ халқы қамқор болып, басына пана болған. Бір үзім нанды бөліп жеп, кезі келгенде тарихи отанына қайтарған. Қазақстанға іссапармен келген ғалым қазақ халқымен байланысты анасының басынан өткен ерекше оқиғаны әңгімелеп берді.
01.11.2019 20:03 Келешекте әр облыс, аудан орталықтарында Оңалту орталығы болады - Сапарбаев НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат - Қазіргі таңда 5 миллионға жуық қазақстандық әлеуметтік сала арқылы қамқорлық алады. Бұл туралы елордада «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік жұмысшысы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.11.2019 18:51 Елордада үздік әлеуметтік жоба авторлары марапатталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» VII республикалық конкурсының қорытындысы шықты, деп хабарлайлы ҚазАқпарат тілшісі.
01.11.2019 13:36 Қазақстанда 20 мың шақырым байланыс желісі салынады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында 20 мың шақырым байланыс желісі салынады. Бұл туралы ҚазАқпарат Телекоммуникациялар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
31.10.2019 10:59 Елордада оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтуде НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - Елордада оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.10.2019 18:04 Елордада «Кәсіпкер ана» әлеуметтік жобасының менторлары марапатталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Кәсіпкер ана» әлеуметтік жобасы бойынша көпбалалы аналарға кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреткен менторлар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.10.2019 16:44 Қоқыс шығару тарифін көтеру керек – вице-министр НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат - Қоқыс тарифін көтермеген жағдайда елімізде тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесі шешілмейді. Бұл туралы «Қазақстанның қалдықтарды қайта өңдеу стратегиясы» тақырыбында өткен Франция Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының форумында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.10.2019 15:55 Тұрмыстық қалдықты сұрыптау үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек – Сергей Юрча НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрмыстық қалдықты сұрыптау үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Бұл туралы елордада «Қазақстанның қалдықтарды қайта өңдеу стратегиясы» тақырыбында өткен Франция Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының форумында «Оператор ӨКМ» бас директоры Сергей Юрча мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.10.2019 15:15 Кәсіпорындар қалдықтарының құрамында улы заттар жоқ екенін дәлелдеуі керек – Жерар Фриес НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпорындар қалдықтарының құрамында улы заттар жоқ екенін дәлелдеуі керек. Елордада «Қазақстанның қалдықтарды қайта өңдеу стратегиясы» тақырыбында өткен форумда Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерар Фриес осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.10.2019 16:05 Спорт комитеті Шымкенттегі чемпионат жөніндегі дауға қатысты пікір білдірді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Шымкент қаласында ITF таеквондодан клубтық Азия чемпионатын өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.