09.04.2021 17:46 Теңгенің серпіні негізгі экспорттық тауарымыз – мұнайдың бағасымен айқындалатын болады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова таяу болашақта теңгенің динамикасына әсер ететін негізгі факторлар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.04.2021 17:14 Дамушы елдердің банктері кредит талаптарын күшейтуге кірісті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова наурыздағы валюта нарығындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.04.2021 14:58 Нұр-Сұлтанда жалған көлік нөмірімен жүрген адам ұсталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада мемлекеттік жалған нөмірмен жүрген Toyota көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.04.2021 20:56 Елордада 7 сәуір күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 7 сәуірде болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.
06.04.2021 15:01 Елордалық полицейлер 20 жыл бұрын жоғалған адамды тапты НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті басшысының атына жоғалып кеткен туысын тапқан Орал қаласы тұрғынан алғыс хат келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
06.04.2021 13:42 Биыл қанша отандық тауар сертификатталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл қанша отандық тауар сертификатталды? Бұл сұраққа Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.04.2021 13:33 Барлық мемлекеттік стандарттар Қазақстан аумағында ақысыз жүзеге асырылады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні барлық мемлекеттік стандарттар Қазақстан аумағында ақысыз жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың жаңалығы - осы. Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.04.2021 13:31 Мемлекетаралық стандарттардың мәртебесі қандай НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекетаралық стандарттар мемлекеттік стандарттармен бірдей мәртебеге ие. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.04.2021 12:23 Қазақстандықтардың қандай газет-журналды көбірек оқитыны белгілі болды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазпошта қазақстандықтар арасында көбіне қандай газет-журналдар оқылатынын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
04.04.2021 15:51 Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық ауыс-түйіске шолуын ұсынады.
04.04.2021 15:33 3 млн астам қазақстандық Facebook қолданушының деректері желіге тарап кетті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - KZ-CERT «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ ақпараттық қауіпсіздік жағдайын зерттеу аясында компьютерлік инциденттерге ықпал ету қызметі Facebook әлеуметтік желісінің 3 миллионнан астам қазақстандық қолданушысы туралы деректер желіге тарап кеткенін анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.04.2021 14:18 Жаппай вакцинация басталды: Халық не деп жатыр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Вакцина салдырған қазақстандықтар алған әсері мен пікірін әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр. ҚазАқпарат бірқатар пікірге тоқталып, шолу жасайды.
03.04.2021 21:44 Әзербайжанда вакцина егуді мобильді бригадалар жүргізеді БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайданда мобильді дәрігерлер тобы азаматтарға COVID-19-ға қарсы вакцинаны жұмыс орындарында егеді. Елдің Медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару қауымдастығының (TƏBİB) өкілі Айгун Әлиева осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
03.04.2021 21:18 Қазақстандағы сирек кездесетін аурулар: Науқастар қандай қиындыққа тап болады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда әлемде сирек кездесетін (орфан) 7 мыңға жуық ауру бар. Әлем халқының шамамен 10%-ы осы сирек кездесетін ауруға шалдықса, оның 80% -ы генетикаға байланысты. Қазақстанда 40 мың адам сирек кездесетін ауруға шалдыққан, оның 13 мыңы – бала болса, 27 мыңы – ересек. Орфан ауруы бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығының жетекшісі Бақыт Байғалиева ҚазАқпарат тілшісіне елімізде осындай дертке шалдыққан науқастар қандай қиындықтармен бетпе-бет кездесетіні туралы айтты.
03.04.2021 18:32 «Ұрпағына ұран болған аналар» атты кітап жарық көрді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жазушы Шәрбану Бейсенованың «Ұлы дала арулары» деген серия аясында «Ұрпағына ұран болған аналар» атты үшінші кітап қалың оқырманға жол тартты. Осыған дейін «Сүйінбике», «Бозоқ аруы» атты туындылары басылып шыққан еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2021 16:53 Жерді табыстау қала әкімдігінің келісімімен жүзеге асуы тиіс – Бақытжан Базарбек НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Жер кодексінің 108, 109-бабына «Республикалық маңызы бар қала маңындағы кез келген жерді табыстау, жердің нысаналы мақсатын ауыстыру туралы шешімдері ірі қалалардың әкімдігінің өзара келісімімен жүзеге асырылуы тиіс» деген норманы енгізу керек. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы комиссиясының отырысында заңгер Бақытжан Базарбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2021 14:21 Елімізде сан соғып қалған пай иелері көп – заңгер НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Елімізде әділдік іздеп жүрген пай иелері, яғни шартты жер үлесі иелері бар. Олар пайларын ЖШС-ларға беріп тастаған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы комиссиясының отырысында заңгер Бақытжан Базарбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2021 13:45 Бақытжан Базарбек Жер кодексінен «үлестес заңды тұлға» ұғымын алып тастауды ұсынды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер кодексінің 12-бабына сәйкес, үлестес заңды тұлға өзінен бөлек 10, тіпті 100 заңды тұлға ашып, олардың әрқайсына құрылтайшы бола алады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы комиссиясының отырысында заңгер Бақытжан Базарбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2021 13:15 Ауыл маңындағы жерлер қоғамдық жайылымға айналуға тиіс – заңгер НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы комиссиясының отырысында заңгер Бақытжан Базарбек бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2021 12:21 Бірінші кезекте Жер кодексінің мораторийге қатысты мәселелерін қарау керек – Ақылбек Күрішбаев НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Экономикалық мәселелер бойынша жұмыс тобының отырысында бірқатар мәселе күн тәртібінен алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы комиссиясының отырысында экономикалық жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.