Зарина Дияс WTA ТОП-100 рейтингінде төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшыларының жаңартылған рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын румындық Симона Халеп сақтап қалса, екінші орынды даниялық Каролин Возняцки, үшінші позицияны америкалық Слоан Стивенс иеленді.

Қазақстандық Юлия Путинцева 53-ші орында тұр. Зарина Дияс тоғыз позиция төмендеп, 63-ші орынға түсіп қалды. Елена Рыбакина үш орын көтеріліп, ТОП-200-ге кірді (199-орын).

Галина Воскобоева жұптық разряд рейтингінде өз орнын 138-ден 129-шы орынға жақсартты. 

Соңғы жаңалықтар