Зарина Дияс WTA рейтингінде 6 сатыға жоғарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың әлемдік рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

Әйелдер арасында әлемнің бірінші ракеткасы - әлі күнге аустралиялық Эшли Барти, екінші орында - жапон спортшысы Наоми Осака, ал үздіктер үштігін Чехия өкілі Каролина Плишкова түгендеді.

Қазақстандық Юлия Путинцева бұрынғы 39-сатыда қалды. Зарияна Дияс алты саты жоғарылап, 80-орынға тұрақтады. Бұрын 109-орындағы Елена Рыбакина үш саты жоғарылап, үздік жүздікке жақындай түсті.

Жұптық разряд бойынша Галина Воскобоева 44-орыннан 41-орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар