Зарина Дияс WTA рейтингінде 29 орынға төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығының спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат -Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтинг кестесіндегі алғашқы үштік сол қалпы, өзгеріссіз тұр. Румыниялық спортшы Симона Халеп көш бастап келеді, екінші орынға даниялық Каролин Возняцки, одан кейін Анжелик Кербер орналасты.

Қазақстандық Юлия Путинцева 6 орынға артқа шегініп, 61-орынға табан тіреді. Зарина Дияс 29 орынға төмен түсіп, 94-ші болды. Алғашқы үздікке жақын тұрған отандасымыз Елена Рыбакина 186-шы орыннан 182-ге көтерілді.

Галина Воскобоева жұптық разрядка 4 орынға көтеріліп, 89-шы орынға орналасты.

Соңғы жаңалықтар