Зарина Дияс пен Юлия Путинцева ТОП-50-ге жақындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығының 25 маусым күні жаңартылған рейтингінде (WTA) қазақстандық теннисшілердің орны өзгерді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Румыниялық Симона Халеп рейтингтің көшін бұрынғыдай бастап келеді. Ал үздік үштікке даниялық Каролин Возняцки мен испаниялық Гарбинье Мугуруса кірген.

Қазақстандық Зарина Дияс пен Юлия Питунцева бұған дейін жасалған рейтингпен салыстырғанда осы жолы жоғары нәтиже көрсетіп, ТОП-50-ге жақындап қалды. Зарина (53 орын) бір орынға, Юлия (55 орын) екі орынға көтерілді.

Өткен аптада рейтингте жоғары көтерілген қазақстандық спортшы Екатерина Дмитриченко бұл жолы 36 орынға көтерілген жерлесі Жібек Құламбетовамен (883 орын) теңесті.  Қазақстан құрамасына жаңадан кірген теннисші Елена Рыбакина (193 орын) екі орынға төмен түсіп, ТОП-200-де қалды. 

Соңғы жаңалықтар