Зарина Дияс Манчестердегі халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Ұлыбританияның Манчестер қаласында өтіп жатқан WTA санатындағы халықаралық турнирдің ширек финалына шықты.

Отандасымыз 1/8 финалда аустралиялық теннисші Арина Родионованы ұтты. ойын 1 сағат 6 минутқа созылып, Зарина Дияс қарсыласын екі сетте де қапы қалдырды. Бірінші сетте 6:2, екінші сетте 6:3 есебі тіркелді.

Қазақстандық тениисші ширек финалда Польша елінің теннисшісі Магдалена Фрешпен кездеседі.

Зарина қазіргі WTA рейтингінде 207-орында болса, қарсыласы 264-орында тұр.  

Соңғы жаңалықтар