Зарина Дияс Федерация кубогы ойындарындағы жоспарымен бөлісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Федерация кубогы матчтары алдындағы дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Тайланд пен Үндістан елдерінің теннисшілері келгелі жатқанын білген жоқпын. Үндістанның өкілімен өткен жылы Федерация кубогында ойнап, жеңген болатынмын. Тайландтан жас теннисші келді. Сол себепті, ол туралы көбірек ақпаратымыз жоқ. Біз ол туралы міндетті туралы біліп, қажетті жоспар құратын боламыз», - деді Зарина Дияс Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, 6-9 ақпан күндері Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Федерация кубогының матчы өтетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

«Федерация кубогы - өздеріңіз білетіндей үлкен жарыс. Біздің еліміздегі теннистен өтетін сайысқа әлемнің ең мықты командалары жиналып отыр. Қазақстанның атынан шығып жүрген ең мықты ойыншылар да, мінекей, елімізге келіп, өнер көрсетеді. Біздің мақсатымыз - Әлемдік топтың плей-офф деңгейіне шығу. 2013 және 2017 жылы ол кезеңде болғанбыз. Сол себепті бұл жерде жақсы мүмкіндік туып отыр. Теннисшілеріміздің дайындығы жақсы. Бірінші ракеткамыз Юлия Путинцева болса, екінші ракеткамыз - Зарина Диас. Жұпты ойыннан кәсіптік ойынға Галина Воскобаева келді. Былтыр біз Үндістанда Жапония командасынан жеңіліп қалған болатынбыз. Жапония кейінірек Әлем тобына оралды. Азия-Океания тобы өте мықты. Сол себепті оңай болмайды. Ең мықты қарсыластарымыз - топта Үндістан десек, финалға өтсек, Қытай командасы мықты болмақ», - деген еді Астанада өткен баспасөз мәслихатында теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев.

Соңғы жаңалықтар