Зарина Дияс әлемдік рейтингте үздік жүздікке қайта оралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілердің бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіндегі орындары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-тен 34-орынға көтерілді.

Осылайша А.Бублик дүниежүзілік рейтингідегі өзінің үздік нәтижесін қайталап отыр.

Тимофей Скатов 269-дан 266-ға жоғарылады. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып табылады.

Керісінше Михаил Кукушкин 147-ден 159-ға сырғыды.

Дмитрий Попко 161-ден 162-ге ауысты.

Бейбіт Жукаев 760-тан 746-орынға жайғасты.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-ден 19-ға сырғыды.

Юлия Путинцева 44-орнында қалса, Зарина Дияс 104-тен 100-сатыға көтерілді. Сөйтіп Зарина үздік жүздікке қайта оралды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Қарағандыдағы турнирдің чемпионы атанғанын, Зарина Диястың АҚШ-тағы турнирдің финалында есе жібергенін жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар