Зарема Шәукенова: Ұлттық аза тұту – адамгершіліктің ең жоғары үлгісі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова Мемлекет басшысының еліміздегі ахуалға байланысты үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар эфирінде қазақстандықтарға үндеу тастап, баршамызды толғандыратын короновируспен күрес мәселесіне тоқталды. Президент өзінің 27 сәуірдегі мәлімдемесінде егер жағдай нашарламаса, 11 мамырда төтенше жағдай алынып тасталады деп айтты. Ол жасалды да. Өйткені, біз бастапқыда пандемияның таралуын шектеу үшін ең шешуші және қатаң шараларды қолға алдық», - деді сарапшы.

Алайда, халықтың қауіпсіздігі үшін карантин режиміне қатысты шараларды сақтау өте маңызды болатын. Ұйымдастырушылық күш-жігер, қаржылық шаралар, халықтың қолдауы, азаматтардың денсаулығы мен дәрігерлердің адал еңбегі өтемімен ауыздықталған COVID-19 бұдан әрі таралуына еш жағдай мен мүмкіндік болмайтындай жасалуы керек еді.

«Мұны қалай істеу керектігі ТЖ кезінде үйретілді. Маска кию, жұмыс орнын залалсыздандыру, қолды жуу, әлеуметтік қашықтықты ұстану. Бірден туыстарымызға барудың қажеті жоқтығын, кең байтақ еліміздің барлық қалаларында достарымызды жинаудың, яғни шектеу қойылғанның бәрін бірден жасаудан бас тартуымыз қажеттілігін ескертті және өтінді. Бұл төтенше жағдайдан шығудың жолы – карантин шараларын қатаң сақтау болатын. Барлығы. Ешкімге жеңілдік жасалмауы керек еді. Бірақ біз мұны ұстанбадық, баршамыз карантин шараларын сақтамадық. Біздің немқұрайдылығымызды Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының қателіктері де күшейте түсті, ал әкімдіктердің жергілікті жердегі әрекетсіздігі адамдардың қырағылығын әлсіретті», - дейді институт басшысы.

Салдарынан Президенттің тапсырмасымен Мемлекеттік комиссия ауру жұқтырғандардың және өлім-жітім санының өсуіне байланысты күрделі жағдайды тұрақтандыру мен еңсеру үшін елде екі апталық карантин енгізуді ұйғарды.

«Күнделікті ауыр науқастар мен қайтыс болғандар туралы соңғы есепте таныстарымыздың, достарымыздың және туыстарымыздың есімдерін естідік. Қасым-Жомарт Кемелұлы жақындары мен туыстарына көңіл айта отырып, мұның жүздеген отбасының қасіреті екеніне тоқталды. Сондықтан Мемлекет басшысы 13 шілде - Ұлттық аза күту күні деп жариялады. Бұл адамгершіліктің ең жоғары үлгісі және пандемия құрбаны болған қазақстандықтарға көрсетілген құрмет. Бұл баршамызды халқымыздың басына түскен сынақтар алдында қайсарлыққа, сабырлылыққа, жауапкершілік танытуға шақырды. Пандемия - адамзаттың сан ғасырлық тарихында орын алып тұратын апаттар. Әр кезеңде әлем, елдер мен адамдар өмірге, болашақ үшін күресуге, медицинаға, ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, жеңіске деген сенімнің арқасында қорқынышты індеттерді жеңген. Президент айтқандай, біз жеңіске жетеміз», - деді Зарема Шәукенова.


Соңғы жаңалықтар