+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Зарема Шаукенова ерекше қажеттілігі бар балалар жайлы: Президент проблеманы ашық айтты

2021 жылғы 25 ақпан 17:58
Бөлісіңіз:
Зарема Шаукенова ерекше қажеттілігі бар балалар жайлы: Президент проблеманы ашық айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында көтерілген әлеуметтік сала мен адами капиталды дамыту жөніндегі мәселелерге назар аударды. Сарапшы солардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайын жасау маңызды мәселе екенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны күннен күнге өсіп келе жатыр. Алайда оларға арналған білім беру саласының дамуында, оны ұйымдастыруда, жалпы инфрақұрылымында әлі де кемшіліктер бар екені белгілі. Ол өте өзекті мәселе. Өйткені, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамға барынша бейімдеу – мемлекеттегі әлеуметтік жағдайдың маңызды бір көрсеткіші. ЮНИСЕФ халықаралық ұйымның мәліметі бойынша Шығыс және Орталық Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі денсаулық мүмкіндіктері шектеулі 5,1 миллион балалардың кем дегенде 75 проценті сапалы инклюзивті білім беру мүмкіндіктеріне қол жеткізе алмай отыр», - дейді ол.

Зарема Шаукенова келтірген ресми статистика бойынша елімізде 161 156 бала арнайы білімді қажет етеді. Республика бойынша 420 арнайы білім беру ұйымы, оның ішінде 195 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 98 арнайы мектеп, 14 оңалту орталығы және 38 арнайы мектепке дейінгі ұйым, 75 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) жұмыс істейді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес отырысында бұл проблеманы ашық айтып, осындай арнайы ұйымдар мен мекемелердің қызмет ету жөніндегі нормаларының ескіргеніне ерекше тоқталды. Бұл нормалар ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмірін қиындата түсуде. Оңалту орталықтары, арнайы медициналық қызметтер, арнайы білім беру мен инклюзивті білім бағдарламалары іс жүзінде қызметін атқарғанымен, олардың саны жеткілікіз, балалар сол себепті айлар, жылдар бойына өз кезегін күтіп отыруға мәжбүр. Аймақтық та ерекшеліктер бар. Осы орайда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бұл саладағы нормативтерді аймақтық ерекшеліктер мен заманауи стандарттарды ескере отырып жаңартуды тапсырды», - дейді сарапшы.

Зарема Шаукенова инклюзивті қоғамды дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау екенін атап өтті. Бұл орайда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тұрғын-үй, әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылымы объектілеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету өзектене түсуде.

«Барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін жеңілдету, күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы бойынша жұмыстарды жүйелеп, қазіргі цифрлық стандарттарға сай жетілдіру қажеттігі артуда. Осыған орай Президенттің Денсаулық сақтау, Білім беру және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ведомствоаралық өзара іс-әрекетін негізге ала отырып, Бірыңғай ақпараттық базаны құру арқылы оңтайлы жүйені жасау жөніндегі тапсырмасы қажетті әрі уақытылы екені анық. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажет етілген объектілерге кедергісіз кіруді қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атарушы органдарға қажет етілген барлық объектілердің картасын дайындауды тапсырды. Ол өте маңызды, себебі объектілердің қолжетімділігі проблемасы туралы мүмкіндігі шектеулі жандардың өзі де, олардың құқықтарын қорғаушы ұйымдар да, үкіметтік емес ұйым өкілдері де әрдайым айтып жүр», - деп түйді Зарема Шаукенова.

Айта кетсек Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгін өткен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берген болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT