Заречный түрмесіндегі азаптаулар: 7 қызметкер қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «YouTube» видеохостингінде колония қызметкерлерінің сотталғандарға күш қолдануы туралы материалдар жарияланғаннан кейін Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/8 мекемесіне (Заречный кенті) Ішкі істер министрінің тапсырмасымен дереу комиссия жіберілді.

Қазіргі уақытта арнайы комиссияның жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша тәртіптік негізде аталған мекеме мен Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 14 лауазымды тұлғасы жазаланды» - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, оғаш әрекеттері үшін ішкі істер органдарынан 7 қызметкер, оның ішінде 2 мекеме бастығының орынбасары жұмыстан шығарылды. Тәртіптік сипаттағы шаралармен қатар Алматы облысының арнайы прокурорлар басқармасы ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істерді тергеу аясында 7 қызметкерге қатысты тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Мұнан бөлек, мекеме бастығы және Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды.

Министр биылғы жылдың 24-25 сәуірінде Алматы облыстық ҚАЖ департаментінің ЛА155/14 мекемесінде тінту іс-шаралары фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізу барысы туралы атап өтті. Тексеру барысында 30 ұялы телефон, 16 зарядтау құрылғысы, 3 құлаққап, 54 шаншу-кесетін заттар (бір рет қолданылатын станоктың жүзі – 34, тырнаққа арналған қысқыштар – 5, қайралған металл заттар – 6, қайшы - 9), 50 азаматтық үлгідегі заттар, қолдан жасалған 2 қайнатқыш табылған. Осы факті бойынша қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіннің Алматы облысы бойынша департаменті сотталғандардың азаптау туралы өтініштері негізінде тергеу жүргізу үстінде.

Тексеру барысында барлық оқиғалар қатысушылардың және оларға жол берген адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады, - деп атап өтеді министрлік.


Соңғы жаңалықтар