Зардап шеккен өрт сөндірушілерге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр – министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада қызмет барысында зардап шеккен өрт сөндірушілердің жағдайына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше Астанада өрт сөндіру кезінде зардап шеккен қызметкердің жағдайына қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Қазір зардап шеккен өрт сөндірушілердің бірінің жағдайы ауыр. Екіншісінің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Жағдай біздің бақылауымызда. Өңірлердегі жұмыс сапарым аяқталған соң, зардап шеккендердің жағдайын жеке барып білетін боламын. Сонымен қатар департамент басшысына ауыр хәлдегі қызметкердің отбасымен жұмыс істеу, қажет жағдайда психологиялық қолдау көрсету тапсырылды. Әрине, қызметкеріміз сауығып кетеді деп сенеміз. Біз қазір Президент әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес аталған қызметкерлер мемлекеттік наградаға ұсынылды», - деді Юрий Ильин.

Айта кетсек, елордада көпқабатты үйдегі өрттен 3 адамды құтқарған өрт сөндіруші ауруханада хал үстінде жатыр.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.


Соңғы жаңалықтар