Запастағы офицерлер елордада өтетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті 2019 жылғы 10 қыркүйек пен 10 қазан аралығында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының әскери оқу мекемелеріне запастағы 87 офицер шақырылатын болады.

Аталған жиындар жұмылдыру ресурстарын даярлау және қайта даярлау, далалық дағдыны және іс-қимылдар үйлесімдігін арттыру мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар жиындардың басты міндеті ретінде – жауынгерлік үйлесімділік іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, қойылған міндеттерді орындау барысында бөлімшелерді басқаруды ұйымдастыру анықталған.

Жиыннан өтуге 40 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер шақырылады.

ҚР заңнамасына сәйкес, жиынға қатысушылардың жұмыс орны сақталып, Қорғаныс министрлігімен қарастырылған орташа еңбекақы төленеді.

Әскери оқу жиындарының бағдарламасын сәтті меңгерген запастағы офицерлерге кезекті әскери шендер беріледі.

Соңғы жаңалықтар