Заңсыз зейнетақы рәсімдеу арқылы 36 млн теңге ұрлаған шенеунік ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысында өңір тұрғындарына заңсыз зейнетақы рәсімдеу арқылы 36 млн теңгені ұрлаған шенеунік ұсталды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Балғабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Павлодар облыстық департаменті облыстық «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКК басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ол өзіне бағынышты тұлғалар тобымен жүйелі түрде облыс тұрғындарына зейнетақы төлемдерін заңсыз рәсімдеу және аудару арқылы 2006-2014 жылдары жалпы сомасы 36,4 млн теңге болатын бюджет қаражатын талан-таражға салу күдігіне ілігіп отыр», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, күдікті кінәсін толықтай мойындауына байланысты процессуалды ұстау шарасы қолданылған жоқ. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар