Заңсыз тексеріс жүргізген мемлекеттік органдардың 2343 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Заңсыз тексеріс жүргізген мемлекеттік органдардың 2343 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің әлеуметтік нысандардың тексерілуі мәселелеріне арналған отырысында мәлім болды.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаеваның айтуынша, прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде жүргізілген 77 тексеріс заңсыз деп танылды. «Жалпы алғанда 2013 жылы прокуратура органдары кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері бойынша 990 тексеріс жүргізді. Оның барысында 11480 заңбұзушылық анықталды, оларды жою үшін 1303 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. 27 мыңнан астам тексеріс жоспарға енгізілмеді, 3500 заңсыз тексерістің жолы кесілді. Бұдан бөлек, 13 361 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мемлекеттік органдардың 2 343 лауазымды тұлғасы әртүрлі деңгейдегі жауапкершілікке тартылды», - дейді С.Айтпаева.

Соңғы жаңалықтар