Заңсыз такси жүргізушілері көлігінен айырылуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда заңсыз адам тасымалдайтын такси жүргізушілері салық төлемегені үшін көлігінен айырылып қалуы мүмкін. Қазір құқық қорғау органдары алматылық таксишілердің салықтық органдарда тіркелуін тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының хабарлауынша, жергілікті полиция қызметі 1 күн ішінде салық органдарында тіркелмей, жолаушы тасып жүрген 17 жүргізушіні тапты.

Барлық жүргізушілерге 10 күн ішінде өз еркімен жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге отыруға рұқсат берілді. Бұлай болмаған жағдайда іс материалдары сотқа жіберіліп, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

ҚР ӘқбК 463-бабына сәйкес салықтық органда тіркелмей, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғаларға 14 АЕК (37 875 теңге) айыппұл салынып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Салық органдарына тіркелу үшін азаматтар жеке куәлігімен ХҚКО-ға баруы керек. Жеке кәсіпкерлер тапқан табысын 1 пайызын ғана салыққа төлейді.

Соңғы жаңалықтар