Заңсыз шығарылған қаржыны қайтару ШЫҰ-ны жаһандық экономикалық платформаға айналдыруда ерекше өзекті - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Бас прокурорларының 20-отырысы өтіп жатыр.

Алқалы жиын қатысушыларына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жолдады. Құттықтауды ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздерді Қазақстанда қарсы алғаныма шын жүректен қуаныштымын. Прокуратура қызметі заңдылық пен құқық үстемдігін қамтамасыз етуде, әділетті қоғам құруда маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыда Қазақстан ШЫҰ мемлекеттері қадағалау органдарының көпжылдық ынтымақтастығын жоғары бағалайды. Трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл ШЫҰ-ның негізгі міндеттерінің бірі саналады. Оны шешу өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

ҚР Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Бас прокурорларының жыл сайынғы дәстүрлі отырыстары жалпы құқықтық саясатты іске асырудың пәрменді құралына айналғанына баса назар аударды.

«20-шы мерейтойлық отырыстың күн тәртібіне заңсыз шығарылған қаржы қаражатын қайтару бойынша тәжірибе алмасу мәселесі енгізілді. Бұл мәселе ШЫҰ-ны жаһандық экономикалық платформаға айналдыру перспективалары саласында ерекше өзекті болып отыр. ШЫҰ аясында өзара тиімді әріптестіктің зор әлеуетін толыққанды пайдалану көп жағдайда трансұлттық экономикалық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бірлескен күш-жігердің тиімділігіне байланысты екені анық. Бүгін нәтижелі пікір алмасу өтіп, осы бағыттағы жаңа тәсілдер әзірленетін болады деп сенемін. Отырысқа қатысушыларға қойылған міндеттерді шешуде табыс тілеймін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар