+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Заңсыз шығарылған 2 млн маска мен 10 тонна дезинфекциялық құрал тәркіленді

2020 жылғы 31 наурыз 18:48
Бөлісіңіз:
Заңсыз шығарылған 2 млн маска мен 10 тонна дезинфекциялық құрал тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық арасында қымбат бағаға сатылған заңсыз қорғаныс бұйымдары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Маска тағып жүру жаңа мәдениетке айналады – Алмаз Шарманов Щучье мектебі маска режимін бұзып, мәдени шара өткізгені үшін 639 мың теңге айыппұл төлейді Медициналық масканың бағасы 60 теңге болып белгіленді

«Қиын кезеңде қорғаныс бұйымдары мен антисептикті заңсыз сатқандар да бар. Полиция дәл осындай 27 фактінің жолын кесті. Тұрғындарға қымбат бағамен сатылған 2 млн медициналық маска, 4 мың қорғаныс костюмі және 10 тонна дезинфекциялық құрал заңсыз айналымнан алынды. Кінәлілер жауапқа тартылып жатыр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен бірге министр ойын-сауық орталықтарының да заңсыз жұмыс істегенін айтты.

«Жиі болатын қылмыстардың қатарында сауда нысандарының, ойын-сауық және көңіл көтеру нысандарының заңсыз жұмыс істеуі бар. Карантин режімін ұстанбағаны үшін 1 800 құқықбұзушы әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың 400-ден астамы қамауға алынды, 500 - айыппұл салынды және қалған материалдар сот қарауында жатыр», - Е. Тұрғымбаев.

Бұған дейін министр Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына заңсыз кірмек болған 33 адам жауапқа тартылғанын хабарлаған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT