Заңсыз шеру: Еліміздің екі қаласында 57 адам ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз ұйымдастырылған митингке шыққандар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Прокуратураның бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық үндеуіне еріп кетті. Олардың кейбірі құқық қорғау органдары қызметкерлеріне заңға қарсы әрекеттер жасап, өзге азаматтардың мазасын алып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндірді. Осыған байланысты, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдады»,- деп атап өтеді министрліктен.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта құқықтық тәртіпті бұзғаны үшін екі қалада 57 адам ұсталған. Оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Бас прокуратура 21 қыркүйекте болатын шеруге қатысты халыққа бірнеше мәрте үндеу тастаған болатын.- СҚО бас санитар дәрігерінің қаулысы өзгеріп, шектеу шаралары күшейді
- Алматыда жол апатынан екі кішкентай бала жарақат алды
- Астанада карантин кезінде қыз ұзатып, туған күн тойлағандар анықталды
- Алматыда бір мыңға жуық жүргізушіге айыппұл салынды
-
Шымкентте автокөрме ұйымдастырылып, оған 100-ден астам адам жиналған
-
Алматыда Ауғанстан азаматы 11 жыл заңсыз тұрып келген
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам