Заңсыз сақталған қару-жарақты полицияға өткізіп, төлемақы алуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қарулары, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ерікті түрде тапсырылған қару-жарақ заттары үшін мемлекет тарапынан әрбір қаруға, яғни оның түріне байланысты 10-100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде ақша төленеді.

«Тіркелмеген атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады» деп мәлім етті ведомстводан.

«Шұғыл желі» телефондары: Нұр-Сұлтан қаласының ПД - 716-170, 716-366, «Алматы» АПБ - 716-737, « Сарыарқа»АПБ - 71-66-46, « Есіл» АПБ - 71-65-61, «Байқоңыр» АПБ - 32-26-14.

Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ- дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу жөніндегі ақпарат қалалық полиция департаментінің ресми сайтында жарияланған.

Соңғы жаңалықтар