Заңсыз мигранттар Париждің орталығындағы Пантеонға шабуыл жасады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Өздерін «қара жилеттер» деп атайтын жүздеген заңсыз мигрант Францияның көрнекті қайраткерлері жерленген, Париж орталығындағы Пантеонға шабуыл жасады. Олардың талабы – елде қалу құқын иелену, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Полицияның деректеріне қарағанда, Вольтер мен Виктор Гюгоны қосқанда, ұлттық батырлар жерленген тарихи- сәулет ескерткіштеріне 300-ге жуық қарсылық білдіруші, негізінен Батыс Африкадан келгендер кіре алған.

«Біздің ең соңғымыз құжат алғанша осында қаламыз», - делінген ұйымдастырушылар таратқан үндеухатта.

50-60-қа жуық құқық қорғаушы бейбіт түрде қарсылық білдіріп жатқандарға барар жолды бөгеп тастады. Бұдан соң демонстранттарды Пантеон ғимаратынан шығарды.

Автор: Тимур Дүйсекеев

Соңғы жаңалықтар