+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Заңсыз миграция: ҰҚК меморган қызметкерлері енген қылмыстық топты ұстады

2019 жылғы 20 қараша 12:06
Бөлісіңіз:
Заңсыз миграция: ҰҚК меморган қызметкерлері енген қылмыстық топты ұстады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып, Орталық Азия аймағынан Қазақстанға заңсыз көші-қон ұйымдастырып келген бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Қылмыстық топқа Алматы қалалық Көші-қон қызметі орталығының қызметкерлері, құжатты ресімдеуді жеделдету қызметін көрсететін, сондай-ақ жалған №086 анықтамасын шетелдіктерге беретін бірқатар делдал кірген», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.

Тінту барысында шетел азаматтарының 40 төлқұжаты, 2 млн теңгеге жуық қаражат және Қазақстанға шетелдіктердің кіруін заңдастыру бойынша өзге құжаттар тәркіленген.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған топтың қылмыстық ісі ұзақ әрі жүйелі сипатқа ие болғанын хабарлайды. Шетелдіктер жалған мекенжайға тіркеліп, олармен жасанды еңбек келісімі жасалған. Қазір аталған іс бойынша тергеу ісі жүріп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT